Елімізде алдағы үш тәулікте күн -7 градусқа дейін суытады. Жаңбыр соңы қарға ұласады. «Қазгидрометтің» болжамынша, елдің солтүстігі мен шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады. Ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін төмендемек. Қалған аумақта солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Елдің басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Динара Жарқынбек