Қазақстан жолды салмаған түрік компаниясынан 5,9 млрд теңгені Париж соты арқылы қайтарып алды. Кәсіпорын Жамбыл-Алматы облысы аумағында тас жол салып беру үшін 2021 жылы Көлік министрлігімен келісімшарт жасасқан. Техника жеткізу мен материалдарды дайындауға алдын ала қаражат та алған. Алайда мердігер жұмысқа уақытылы кіріспегендіктен Үкімет жарты жылдан кейін бұл келісімнің күшін жойды. Артынша Әділет министрлігі бөлінген қаржыны қайтару үшін Париждегі халықаралық сотқа арызданды. Нәтижесінде тиісті міндеттемелерді орындамаған түрік компаниясы сотта жеңіліп, 6 млрд теңгені қайтаруға міндеттелді.
Айя Мүтәлі