Қазақстанда аймақтардың бюджетін тексеретін комиссия таратылады. Оның орнына Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттері ашылмақ. Бұл туралы палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты. Оның сөзінше, бұл мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді. Себебі, тексеру комиссияларына жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. «Бұл аудиттің тиімді әрі әділ өтуіне әсер етуі мүмкін», - дейді Әлихан Смайылов. Осылайша, комиссия жұмысы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтайды.
Айя Мүтәлі