Израильдің шабуылынан Ливанда 500-дей адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдің шабуылынан Ливанда 500-дей адам қаза тапты

24.09.2024

Израильдің әуе шабуылынан Ливанда 492 адам опат болды. Марқұмдардың 35-і - бала. 1600-ден астам адам жараланған. Снарядтар Ливан астанасы Бейрутке де жетті.

ЦАХАЛ-дың мәлімдеуінше, әуе шабуылынан Хезболлаға тиесілі 1300-дей нысан қираған. Израиль әскерилерінің көздегені - бұл топтың қанатты зымырандарын, реактивті снарядтары мен ұшқышсыз аппараттарын жою. ЦАХАЛ Хезболлаға қарсы шабуылдың келесі сатысына дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұған қоса Израиль билігі Ливан тұрғындарына операция аяқталғанға дейін қауіпті аймақтан кету қажет екенін ескертті.

Өткен аптада Ливанда пейджерлер мен рациялар жарылып, 37 адам мерт болып, 3 мыңдайы жараланды. Сол оқиғадан кейін Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығыс шиеленісе түсті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу