«Өмірге орын босат!». Осындай ұранмен Өзбекстанда жалпы халықтық экоакция ұйымдастырылды. Мақсат– тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үндеу.
Елде қатты қалдықты кәдеге жарату мәселесі күн тәртібінен түкен емес. Акция барысында тек Ташкент облысының аумағында ғана 600 келіге жуық қоқыс жиналды. Оның ішінде 100 келідей пластик бұйымдар қайта өңдеуге жіберілді.
Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған экоакцияға бүкіл ел атсалысты. Осы күні барлық аймақтарда және Қарақалпақстан Республикасында жалпы мөлшері 36,5 тоннадай қоқыс шығарылды.
Базаркүл Отыншиева