Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

24.09.2024

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады. Жанат Элиманов Мемлекет басшысына көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар туралы айтып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің ФАТФ ұсынымдарына сәйкестендірілгенін де жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің жаңадан тағайындалған төрағасына көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу