Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасын қабылдады

24.09.2024

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады. Асхат Жұмағали Мемлекет басшысына саладағы шаралар туралы есеп берді. Ведомство 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 90 миллиард теңгенің мүліктік активтері мен қаражатты қайтарған. Бұдан бөлек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына мониторинг жасалып жатқанын жеткізді. Биыл Агенттіктің бастамасымен бюджет процестері автоматтандырылмақ. Ал Президент еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу