Астанада мектеп оқушылары телефоннан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мектеп оқушылары телефоннан бас тартты

24.09.2024

Елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары білім ордасында телефон пайдаланудан біржола бас тартты. Мақсат - буллингке қарсы тұру.

Бұл бастаманы құптаймын. Мектепте араласу болады ғой. Кейбіреулер тіпті өз сыныбындағы балалармен араласпайтын жағдайлар болады. Өз басымнан өткерген кездер болды. Ал осы телефонды жинау арқылы балалар бір-бірімен араласады.
Бұл бастаманың басқа мектептерде де болғанын қалаймын. Ол керісінше білімге деген құштарлығын аша бастайды. Қоршаған ортасын байқай бастайды.
Оқушыға телефон сабақ уақытында кедергі келтіреді және де бізде көшіретін оқушылар бар ғой, адам өзінің білімін телефоннан емес, өзінің миымен қарау керек.

Бастаманы алғашында мектеп әкімшілігі көтерген, кейін ата-аналар мен оқушылар бір ауыздан қолдаған. Үшінші жыл қатарынан телефоннан бас тартқан білім ордасында ешқандай құқықбұзушылық болмаған, - дейді директоры.

Айгүл Қашаева, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияның директоры:

Сондықтан біз мектепте сабаққа келген кезде балалардың сабаққа шаршап, ұйқысыз келгенін байқадық. Ата-аналармен келісе отыра, сөйтіп телефондарды әр оқушы сабақ басталған кезде келіп өздерінің шкафтарына салады. Оқушыларымыз бос отырмайды. Кітап оқып, ұлттық ойындарымызды ойнауға баса назар аударады. Телефонды шектеу арқылы біз булиингтің алдын алып жатырмыз деп есептейміз.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу