«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында Қонаев қаласының жағажайлары қоқыстан тазартылды. Үш гектар аумақтан 20 тонна қоқыс шығарылды. 60-тан аса адам атсалысқан іс-шараға қала белсенділері, ардагерлер мен еріктілер қатысты. Олар жағажайды басқан жабайы шөптерді жұлып, түрлі қатты қалдықтардан арылтты. Осыған дейін науқан аясында Алматы облысында 8 мың гектар аумақ тазартылып, 24 мың тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 68 мың түп ағаш отырғызылған.
Базарбай Оралбай, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Осындай іс-шаралар бола беру керек. Қазіргі үйдегі тәрбие, мектептегі тәрбиенің бәрін бала-шағалардың бәрін үйрету керек. Отырған жерінді, жүрген жерінді таза ұста деп. Сол таза болатын болса, өзімізге де жақсы. Саяжайлардың бәрін жақсартып жатыр қазір.
Айдана Қуантхан