Биылғы қаңтар-тамыз айларында экономиканың өсімі 3,7% жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы қаңтар-тамыз айларында экономиканың өсімі 3,7% жетті

24.09.2024

Бүгін Президент Премьер-Министрді қабылдады. Кездесуде бірқатар бағыт қамтылды. Олжас Бектеновтың айтуынша, биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында экономиканың өсімі 3,7 пайызға жеткен. Ал, тұрғын үйлердің жылыту маусымына әзірлігі бойынша жұмыс 98,3 пайызға орындалды. Электр станцияларына қажетті көмір қоры бар. Бұдан бөлек, су тасқыны салдарын жою және оның алдын алу шаралары туралы айтылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде тапсырма берді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу