1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды

24.09.2024

1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды. Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздар бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі. Мәселен стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтеріледі. Ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды. Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Себебі, 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы әбден тозған.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу