Жұбайының келісімін талап етпейтін несие мөлшері ұлғаюы мүмкін. Бірақ, бұл жеке кәсіпкерлерге ғана қатысты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыны Ашық порталына жариялады. Онда жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 6 айдан аспағандарға жұбайының рұқсатынсыз 10 млн теңгеге дейін несие ала алатыны жазылған. Ал бизнеспен айналысып жүргеніне жарты жылдан асқан, төлемі қабілеті жоғары азаматтарға қарыз 99 млн теңгеге дейін беріледі. Құжат 4 қазанға дейін қоғам талқысына салынады.
Айя Мүтәлі