Мұнай арзандауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай арзандауы мүмкін

24.09.2024

Мұнай бағасы барреліне 60 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының болжамы осындай. Сарапшылар бұған АҚШ пен Қытай нарығындағы сұраныстың төмендеуі себеп екенін айтады. Әрі Ливиядағы өндірістің тоқтауы да бағаға әсер еткен. Жалпы Brent маркалы мұнай кейінгі 3 жылда қатты арзандады. Өткен аптада бір баррелі 69 долларға дейін түсті. Қазір 75 доллардан сатылып жатыр.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу