Эквадорда орман өртін сөндіруге тұрғындар да көмектесіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадорда орман өртін сөндіруге тұрғындар да көмектесіп жатыр

25.09.2024

Эквадорда орман өрті мемлекет астанасы Квитоны да шарпи бастады. Оны сөндіруге арнайы бригадаларға жергілікті тұрғындар да қолғабыс етіп жатыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қызыл жалын қаланың солтүстігіндегі үш үйге жеткен. Өрт тез тарап жақандықтан қала билігі халықты жолдарды бөгемеуге шақырды. Дегенмен, қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ. Жалпы алғанда оттың бес ошағы анықталған. Олардың неден басталғаны әзірге белгісіз.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу