Мұнда 40-тан астам кілемнің суреті салынған. Оның әрқайсысын салуға суретшілер бір айдан астам уақыт жұмсаған. Ал кілемдердің өзі жертөледегі мұражайда тұр.
Коллекционер-зерттеуші Дана Бектаева 1000-нан астам кілемді әр жерден жинап, сатып алған. Болашақта ол өз қаласында кілемдердің мұражайын ашқысы келеді.