Референдумға дайындық пысықталды. Қарағанды облысына барған Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров құқық қорғау және мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен өткен кеңеске қатысты. Жиында маңызды шараны өткізу тәртібі, халыққа дауыс беру үшін жағдай жасау және қоғамдық тәртіптің қадағалануы жайлы айтылды. Сондай-ақ заңға енгізілген өзгертулер түсіндірілді. Облыс бойынша 761 мыңнан аса тұрғын дауыс беруге құқылы.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
Референдум туралы заңымызға енгізілген өзгерістерді, жаңғырған заң туралы тиісті сабақты, семинарларды өткізу керек. Оқытатын адамдардың саны 70 мыңнан асады. Бүгінде 40 мыңнан астамы оқып шықты.
Жандос Бақытұлы