Шымкент қаласында 23 кәсіпорын қоршаған ортаны ластап келген. Тексеріс барысында бұл мекемелерден экологиялық талаптардың 48 заңбұзушылық дерегі анықталып, оларға 170 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Олардың ішінде Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен металл балқыту өндіріс орны қомақты қаржы төлеуге мәжбүр болды. Бірі 48 миллион, екіншісі 100 миллион теңге айыппұл арқалады. Бірақ мұндай жазаны ауырсынбайтындар бар. «Эколайф» мекемесі осымен үшінші жыл қатарынан экологиялық талаптарды бұзған. Компания өкілдері биыл да пайдаланған медициналық бұйымдарды утилизация жасаудың орнына, жерге көміп жатқан жерінде ұсталды. Мұнан бөлек мұнай өнімдері қалдығын да топырақпен жасыруға тырысқан. Қазір осы жәйт бойынша және күкірт қышқылын өндіру зауытында болған алапат өртке байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Ермахан Қозыбаев, Шымкент қалалық экология Департаментінің басшысы:
Индустриалды аймақтардың ішіндегі 11 мекемеге тексеру жүргізілген. Оның 8-не сотқа талап-арыз жолданған. Сол 4 мекемеге қатысты сот шешімі шықты. Қызметін уақытша тоқтату туралы. 4 мекмеге қатысты іс сот қарауында.
Ғани Қалмаханов