Елімізде 9 кеден бекеттің жөндеу жұмысы келер жылы аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 9 кеден бекеттің жөндеу жұмысы келер жылы аяқталады

25.09.2024

Елімізде 9 кеден бекеті жөнделіп жатыр. Бірақ олар жұмысын тоқтатқан жоқ. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ғабит Оразов мәлімдеді.

Ғабит Оразов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

Қазір көлік өтетін 9 кеден бекеті жөнделіп жатыр. Олар Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада орналасқан. Бүгінде «Қапланбек» кеден бекеті толық жабық тұр. Қалған 9 кеден бекеті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан ашық. Жалпы жылдың соңында дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Бұдан бөлек ведомство өкілі елімізде бюджетке түскен кедендік төлемдер сомасы шамамен 2,4 млрд теңгеге жеткенін айтты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда кедендік түсімдердің 92 процентке артқанын көрсетеді.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу