Науқастың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп болмаса, жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпейді. Яғни төртінші санаттағы шақыртуларға бармауы мүмкін. Мұндай қаулы 8-ші қазанға дейін "Ашық" талқылауға түсті.
Төртінші санатқа созылмалы ауруы бар, бұрыннан тіркеуде тұрған науқастар жатады. Оларға жедел жәрдем дүйсенбі мен жұма күндері сағат таңғы сегізден кешкі алтыға дейін, ал сенбі күні түскі 12-ге дейін шақырту қабылдап, көмек көрсетеді. Әрі 60-120 минут ішінде баруы міндеттеледі. Ал жексенбі жедел жәрдем бармайды.
Әсел Қыдыралиева, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы:
Жұмыс уақыты кезінде жасақталатын бригадалар бұрын 4 санаттағы бригадалар 35 мың халыққа біреу болса, мобильдік бригадалар 25 мың халыққа бір бригада. Яғни, бұл өз кезегінде мобильдік бригадалардың көбеюіне, және шақыртуларға уақытылы, дер кезінде баруға мүмкіндік береді. Бұл аталған халықтың арасында жедел жәрдемді ұзақ күтуді, яғни, уақытын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл еліміздегі алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталып отыр, дейді жауапты министрлік. Дегенмен бұл өзгеріске алматылықтардың пікірі әралуан.
Жазира Оразқызы