QR-код алаяқтардың да табыс көзіне айналды. Әккілер автобустарға өздерінің QR-кодтарын жабыстырып, халықтың қалтасына қол сұғып отырған. Мұндай жағдайлар кішігірім дүкендерде кездесуі мүмкін, - дейді құқық қорғау органдарының өкілдері. Сондықтан QR-код арқылы төлем жасамас бұрын сайттың атауына мән беріп, HTTPS-ден басталып тұрғанына көз жеткізу маңызды. Және сайтта жабық құлып белгісі көрсетілуі керек. Бұдан бөлек, мамандар әлеуметтік желілерде жарияланған QR-кодтарға кірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Аида Ахметбек