Павлодарда лифтке техникалық қызмет көрсетуге жауапты компаниялар жазаланды. Олар өзара ымыраласып тарифті көтерген. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті қолдан қасақана қымбатшылық тудырған алты кәсіпорынды анықтап, олардың әрқайсысына 142 мың теңгеден айыппұл төлеттірді. Ал тариф бұрынғы қалпында қалды.
Бейбіт Молдабеков, Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің басшысы:
Картельдік келісім болғанын анықтадық. Лифттерді жөндейтін осы алты компания бір мезетте қызмет көрсету ақысын көтеріп жіберген. Біз тексердік. Баға көтеруге еш негіз жоқ екендігін дәлелдедік. Әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілік тартылды. Ешқайсысы бұл әрекетімізді теріс деген жоқ.
Болат Аманбаев