Түркі мемлекеттер ұйымы аясындағы ынтымақ тереңдей түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі мемлекеттер ұйымы аясындағы ынтымақ тереңдей түспек

26.09.2024

Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақ тереңдей түспек. Ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Нью-Йоркте бейресми кездесу өткізіп, өзара байланыстарды тереңдетуге келісті. БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде өткен жиында Мұрат Нұртілеу халықаралық аренадағы түркі интеграциясының маңызды рөлін еске салды. Жалпы еліміз ұйымның қазіргі төрағасы ретінде «TURKTIME» ұранымен 80-нен астам іс-шара, соның ішінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын сәтті өткізді. Тараптар биыл қараша айында Бішкекте өтетін Ұйымның 11-ші Саммитіне дайындық мәселелерін де пысықтады. Бұл жиында түркі әлемінің бірлігін күшейте түсуге бағытталған Бішкек декларациясы және өзге де маңызды құжаттар бекімек.

Мерей Мұқажан, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары:

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан бұл ұйымның құрушы елі. Қазақстан бастамасымен құрылған болатын түркі мемлекеттері ұйымы. Біз Ыстамбұлдағы хатшылықта осы түркі әлемін жандандыру тұрғысынан жұмыс істеп жатырмыз. Биыл біздің 15 жылдығымыз аталып өтіледі. Соған да қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы түркі бірлік күніне орайластырылған Анкарада үлкен іс шарамыз жоспарланып отыр.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу