Референдум: Елорданың 40 мың тұрғыны саяси науқанға бірінші рет қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: Елорданың 40 мың тұрғыны саяси науқанға бірінші рет қатысады

26.09.2024

Иә, бұл референдумда Астананың 900 мыңнан астам тұрғыны дауыс бере алады. Электораттың 40 мыңы саяси науқанға бірінші рет қатысады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қатысуымен өткен семинар-кеңесте айтылды. Елорданың аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков қазір соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Науқан күні 21 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан үшін 66 инватакси жұмыс істейді. Егер сұраныс артқан жағдайда тағы 100 арнайы көлік қосу жоспарланған. Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясының мүшелері еліміздің 15 өңірінде болып, саяси науқанға дайындық барысын көрді. Қалған аймақтарда сапарлар жалғасып жатыр.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

Біздің кестеге байланысты барлық жұмыс қарқынды өтіп жатыр. Мен бүгін осыны айта аламын. Негізі біз бұл дайындықтың нүктесін 4-ші қазанда қоямыз. Өйткені, видео байланыс арқылы біз бүкіл республиканы есепке шақырамыз. Өйткені, біз барлық өңірді аралап шығамыз. 

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу