Ертістің түбі тереңдетіліп, жағасы бекітіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертістің түбі тереңдетіліп, жағасы бекітіліп жатыр

26.09.2024

Шығыстағы Ертіс өзеніне жақын қоныстанған елдімекендерге жыл сайын көктемде қауіп төнеді. Соңғы 10 жылда әсіресе Глубокое ауданындағы бірнеше ауылдағы шеткі үйлерге жаға 5-6 метрге дейін жақындады. Сондықтан тасқынға тосқын жасап, өзеннің жағасын бекітіп, түбін тереңдету жұмыстары қазірден басталып кетті.

Ертістің табаны тазаланбағанына талай жыл болған. Салдарынан өзенге жақын елдімекен тұрғындары көктем шыға үрей құшағында отырады. Өйткені су шайған жаға жыл сайын үйлерге жақындап келеді.

Наталья Мосиенко, Прапорщиково ауылының тұрғыны:

Ешкім үйін тастап кеткісі келмейді. Су басып құлай ма деп қорқамыз. Биылғы жағдай тіпті күрделі болды. Өзен түбін тереңдету жұмыстарының нәтижесі болатын шығар.

Нәтижелі болу үшін барлық жұмысты мамандар тұрғындардың ұсынысымен істеп жатыр. Ол үшін арнайы инженерлер өзенде жүзетін жер снарядтарын жинақтап, сол суға түсірді. Арнайы құрылғы Ертістің түбін тереңдетіп қазады. Бұл жұмыс мұз қатқанға дейін істеледі.

Константин Боровиков, Глубокое аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

Біздің ауданда үш елдімекеннің тұсындағы жаға бекітіліп, Ертістің түбі тереңдетіліп жатыр. Өйткені үш ауылға жақын жердегі жағаның шамамен бір жарым шақырымын су шайып жатыр. Сондықтан біз аудан әкімдігімен бірге арнайы жоба жасадық.  Кейбір жерлерде өзеннің сағасын кеңейттік.

Өзеннің кей тұсының сағасын кеңейтіп енді бір аумақтың жағасын бекітіп жатыр. Бүгінге дейін облыстағы 13 ауданда қауіпті аймақтар анықталды. Ол негізінен Бұқтырма, Ертіс және Үлбі сияқты бастауын таудан алатын өзендердің жағалауы.

Гидролог-мамандардың айтуынша Ертістің суы жыл санап таяздап барады. Оның ең негізгі себебі шығыстағы көрші мемлекет су қоймаларын көптеп сала бастаған. Бұл бір. Екіншіден қазір өзеннің арнасы мүлде бұзылған. Оған қоса қоқыс та басып жатыр. Сондықтан Ертістің төменгі сағасы өте таяз


Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу