Ал жалға берілетін пәтер бағасы соңғы 3 жылда 3,5 есе қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның күрт өсуі, әсіресе Ресей азаматтары Қазақстанға жаппай көшкен кезде байқалған. Қазір пәтердің ең қымбаты Алматыда. Мұнда екі бөлмелі баспаны жалдау ақысы орта есеппен 264 мың теңге. Ал Астанада 230 мың. Салыстырмалы түрде ең арзан баға қазір Тараз бен Түркістан қалаларында. Бұған Мәжіліс депуттары жалға берілетін пәтердің шекті бағасын бекітіп, нарықты реттеуді ұсынған.
Айя Мүтәлі