Елімізде автокөлікті сақтандыру құны өзгермек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылға арналған сақтандыру полистерінің коэффициенттерін бекіту туралы қаулы жобасын жариялады. Ашық талқылауға шығарылған құжатқа сай, алматылық жүргізушілер үшін көлік сақтандыру сәл арзандай түспек. Ал Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент және Астана қалаларында керісінше қымбаттай түседі.
Қаулы келесі жылдан бастап күшіне енбек.
Досжан Маратұлы