Алматыдағы 1957 жылы құрылған ядролық физика институтына келушілердің қатары көбейіп келеді. АЭС салу туралы мәселе көтерілгелі бері орталық жұмысына қызығушылық танытқандардың саны көп, - дейді ұйым мамандары. Себебі барлығы реакторды көзімен көріп, сала мамандарынан көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алғысы келеді. Қазір институтта 11 негізгі эксперименттік қондырғы бар. Сондай-ақ 23 ғылыми-зерттеу зертханасы, заманауи сараптамалық және сынақ жабдықтары бар 3 ғылыми-техникалық орталық жұмыс істейді. Орталық жұмысымен танысуға жиналған жастар Қазақстандағы жалғыз ғылыми ұйымның техникалық және өндірістік әлеуетін көзбен көрді. Көкейдегі сауалдарға жауап алды.
Бауыржан Сәбитұлы, студент:
Екі точканы араладық. Біріншісі стерилизация, екіншісі көріп тұрған макет. Яғни, осы жердегі макетке қарайтын болсақ, осындай кішкентай көлемде көріп тұрмыз. Көз жеткізіп тұрмыз. Тігістерінің барлығы дұрыс жасалып жатыр екен. Алдағы уақытта үлкен көлемде жасайтын болса, міндетті түрде жұмысын дұрыс жасайды деген ойдамыз.
Қуан Нұрақын