Перу астанасы Лиманың маңында жүргізушілер шеруі басталды. Олар биліктен қылмыскерлермен күресті күшейтуді талап етіп жатыр.
Айтуларынша, тамыздың соңынан бері 4 жүргізуші өлтірілген. Содан кейін басталған демонстрациялар салдарынан автобустар тоқтап, сан мың жолаушы аялдамаларда тұрып, жұмысқа жете алмады. Жүргізушілердің сөзінше, полицейлер тұрғындардан дүние-мүлік пен ақша бопсалап жүрген қылмыскерлерді тоқтатуға әрекет жасап жатқан жоқ. Бірақ жергілікті билік тағылған кінәні жоққа шығарып отыр және де шенеуніктер Лиманың айналасындағы 12 ауданда төтенше жағдай жариялап, көшелерге тіпті қарулы күштер жауынгерлерін де шығарғанын мәлімдеді.
Арыстан Рысбек