Ақтауда мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Шараға Әбіш Кекілбайұлының үзеңгілес достары, әріптестері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен Түркия, Венгрия, Әзербайжан және Қырғыз Республикасынан арнайы келген ғалымдар қатысуда. Ғылыми конференцияның мақсаты - Алаштың әлем алдындағы беткеұстар ірі тұлғаларының бірі, қазақ әдебиетінің классигі, ойшыл Әбіш Кекілбайұлының мұраларын әлемдік деңгейде насихаттау. Жиынға арнайы қатысқан Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің құттықтау хатын жеткізді. Конференция екі күнге жоспарланған. Мерейтой аясында «Әбіш әлемі» халықаралық театр фестивалі өтеді. Оған шет елдерден және елімізден 8 театр қатысады.
Оңайша Мандоки, конференцияға қатысушы:
Ағамыздың «Бәйге торы» повесі бәрінен биік болды. Ол кітапты оқыған мажар халқы өздерінің бұрынғы аңсап жүрген көп нәрсесін өздерінің көз алдына елестете алды. Сондықтан Әбіш ағаның сол кездегі бізге еуропадағы қазақтарға және соның ішіндегі қыпшақ мажар туыс халықтарға ұмытылғанда қайта жаңартып, Европа халықтарын да бір дүркіретіп кетті.
Аягөз Оралбайқызы