Ономастика саласына бақылау күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ономастика саласына бақылау күшейтілді

27.09.2024

Ономастика саласына бақылау күшейтілді. Ұлт тарихында ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімі әзірленді. Оған қоғамның түрлі бағытында еңбегі сіңген 700-ге жуық қайраткердің есімі енді. 460-тан астамы республикалық деңгейде, 200-ден аса есім өңірлік дәрежеде ұлықталады, - дейді министрлік өкілдері. Бұған дейін елдімекендердің, аудан орталығы мен көше атауларын өзгерту ісі облыстық ономастика саласының құзырында болған еді. Енді тек республикалық комиссияның келісімінен кейін өзгертіледі. Бұл туралы Алматыда өткен «Ұлттық ономастика» семинарында айтылды.

Елерке Төрехан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ономастика басқармасының басшысы:

2026 жылға дейін жоспарланып отыр, республикамыздың барлық өңірлерін қамтып, нәтижесінде табылған карталар негізінде 3Д, 5Д етіп карта жасауды ұйғарып отырмыз. Кез келген өңірді басып қалсақ, бүкіл шығу тарихы, сол өңірдегі елдімекендер, байырғы атауы мынадай болған оның шешімі мынадай болған деген сияқты жергілікті әкімдіктерге методикалық көмек ретінде жасауды жоспарлап отырмыз.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу