Судан халқының жартысынан көбі немесе 25 миллионнан астам адам аштыққа ұшырады. Азық-түліктің жетіспеуінен бұл елде өлім-жітім көбейген. Жағдайдың нашар болғаны сонша, адамдар жапырақ жеуге мәжбүр. Ашаршылықтан мұнда күн сайын жүздеген адам жан тапсырады. БҰҰ судандықтарды азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай әлек. Себебі азаматтық соғыстың ықпалынан тұрғындарға халықаралық көмекті жеткізу қиындап кеткен. Қуаңшылық та жағдайды ушықтырып отыр.
Арай Төлегенқызы