Астанада өзгенің мүлкіне зиян келтірген вандалдар ұсталып, жауапқа тартылды. 2 қыркүйекте кешкі сағат 19.00-де 34 жастағы ер адам І.Жансүгіров көшесіндегі 12-үйдің терезесін сындырып, 36 145 теңге шығын келтірді. Мұндай жағдай бірнеше күннен кейін Қ.Мұхамедханов көшесіндегі үйде қайталанды. 39 жастағы ер адам пәтердің алдыңғы есігін әдейі бұзған.Тәртіп бұзған екі адам да, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Айта кетейік, жыл басынан бері сот 250 адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпыға ортақ аумақтарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үйлерді бүлдіргені үшін жазалады.
Азамат Бейбітұлы