Коронавирустың Xec штамы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың Xec штамы тіркелді

28.09.2024

Ресейде коронавирустың жаңа штамы тарады. Кейінгі аптада елде тұмау мен жедел респираторлық-вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 50%-ға, ал COVID-19-ға шалдыққандар 30%-ға артқан.

Мәскеуде бір апта ішінде 7 196 вирус жұқтырған тұрғын тіркелді. Жаңа вирус осыған дейін тараған Омикронның бір нұсқасы болуы мүмкін, аса сезімтал ағзалар үшін қауіпті, дейді мамандар. Ол 19 минуттың ішінде жұғуы мүмкін, жұқтыру көрсеткіші жоғары.

Геннадий Онищенко, дәрігер:

Вакцинацияның арқасында өлім саны 59 пайызға қысқарды. Яғни қандай штамм болса да, шығарылған вакциналардың коронвируспен күресте пайдасы мол. Вирустың өршуі жазғы демалыстардың аяқталуымен байланысты.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу