Тәжікстанда Раджан Батырхановтың ескерткіш тақтасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанда Раджан Батырхановтың ескерткіш тақтасы ашылды

28.09.2024

Бүгін Тәжікстанда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық Раджан Батырхановтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Ескерткіш Дарваз ауданының Калай-Хумб кентінде қойылған. Бүгінгі ашылу салтанатына екі елдің шекарасында қызмет еткен ардагерлер және дипломаттар қатысты.

Раджан осыдан 30 жыл бұрын небәрі 19 жасында жауынгерлік тапсырманы орындап, көз жұмған. Отан алдындағы борышын өтеп, көрсеткен ерлігі үшінол ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу