Ливанда Израильдің шабуылынан соңғы тәулікте 105 адам қаза тапқан. 350-ден астам тұрғын жараланды. Ресми ақпаратқа сай, соңғы екі аптада атыс-жарылыстан 1 мыңнан астам ливандық мерт болған. 6 мың адам жараланды. Бұған қоса бір миллиондай адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Соңғы екі аптада «Хезболланың» бірнеше жоғары шенді мүшесі де қаза тапты. Сенбіде қозғалыс лидері Хасан Насралла Бейрутте оққа ұшқан. Израиль әскері әуе шабуылдарын жалғастыра беретінін мәлімдеді. Олардың көздегені – «Хезболланың» зымыранмен шабуылдарынан үйлерін тастап кеткен Израиль азаматтарын елдің солтүстігіне қайтару. Бұған қоса Израиль армиясы жексенбіде Йемендегі хуситтердің бекіністеріне де оқ жаудырды.
Арай Төлегенқызы