Трамп мигранттарды тоқтатпағаны үшін Харристі сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп мигранттарды тоқтатпағаны үшін Харристі сынады

30.09.2024

АҚШ-тағы президент сайлауына Республикалық партия атынан кандидат Дональд Трамп қарсыласы Камала Харристі сөгіп тастады. Пенсильванияда сөйлеген сөзінде ол вице-президентті «ақымақ» деп атаған. Трамп Харристі елге заңсыз мигранттардың кіруіне тосқауыл қоймағаны үшін сынға алды. Мұны қылмыс деп атап, Харрис қудалануы тиіс деп мәлімдеді.

Дональд Трамп, Республикалық партия атынан президенттікке кандидат:

Камала Харрис билікте 4 жыл отырса, Америка үшін қиын болады. Елде заңсыз мигранттардың саны 31 миллионға жетуі мүмкін. Бәлкім бұдан да көп болар. Камала – тарихтағы ең нашар вице-президент. Президент ретінде бұдан да нашар болмақ.

Ал демократ Камала Харрис үш күн бұрын елдің Мексикамен шекаралас Дуглас қаласына барды. Сөйлеген сөзінде Харрис экс-президентті сынға алды. Вице-президенттің пікірінше, Трамп мигранттардың америкалықтарға ықпалына қатысты үрей мен дау-дамай тудырып отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу