Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мамандары АҚШ-тың беделді оқу орындарымен меморандумға қол қойды.
Енді отандық ғалымдар мен студенттер алпауыт елдегі 15-тен аса жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасады. Биылғы оқу жылында техникалық бағытта білім алып жүрген 30-ға жуық студент Пенсильвания, Мичиган университеттерінде тағылымдамадан өтеді. Сондай-ақ Алматыда алғаш рет инженерлік-технологиялық хаб ашылады. Хаб жұмысы тау-кен, инженерия, геология, ауыл-шаруашылығы, IT салаларын тереңдетуге бағытталады. Орталық заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталмақ.
Дуглас Хартман, Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры (АҚШ):
Біздің мақсатымыз – Қазақстандық оқу орындарымен танысу, тәжірибе алмасу. Бүгінгі кездесу – екі елдің арасында өтіп жатқан алғашқы шара. Енді бірлесіп, түрлі бағыттағы жобаларды ғылымға әкелуді жоспарлап отырмыз. Бұл келісім сапалы әрі үздіксіз білім беру үдерісін қамтамасыз етеді деген ойдамын.
Айдана Қуантхан