Қазақстанда халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар сәтті жүзеге асып келеді. Президенттің биылғы Жолдауында елдің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді қарастыру жайы баса айтылған. Бұл ретте елдің болашағы жастарға артылар сенім зор дейді шетелдік сарапшылар.
Нигина Рахимова, «Ижтиомий фикр» республикалық қоғамдық пікірді зерттеу орталығының директоры:
Жас буынның, келешек ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне назар аударылғаны өте орынды деп есептеймін. Жастарды партриоттық рухта тәрбиелеу аса маңызды. Құқықтық қауіпсіздік мәселесі де алдыңғы орынға шыққан. Әлбетте елдің болашақтағы иелері өскелең буын алаңсыз жұмыс істеп, қауіпсіз елде өмір сүруі керек. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға да оң ықпал етері сөзсіз.
Базаркүл Отыншиева