Қазақстандықтардың 3 айдан бері төлемеген қарызы 1 трлн теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың 3 айдан бері төлемеген қарызы 1 трлн теңгеден асты

30.09.2024

Ал елімізде несие алушылар азайғанымен, қарыз көлемі артып келеді.  Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, бүгінде кредитін уақытылы төлемегендердің қарызы 1 трлн 800 млрд теңгеден асқан. Оның 1 трлн-ы 3 айдан бері өтелмеген берешек. Жалпы қазір еліміз бойынша 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар. Олардың банк алдындағы қарызы 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу