Алтын бағасы 23% өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын бағасы 23% өсті

30.09.2024

Ал әлемдік нарықта алтын қымбаттады. Қазір оның бір унциясы 2 700 доллардан сатылып жатыр. Мұндай баға бұрын-соңды болмаған. Сарапшылар бұған АҚШ-та алда өтетін президент сайлауы мен Федералды резервтік жүйенің негізгі мөлшерлемені төмендету туралы шешімі әсер етті дейді. Әрі бағалы металл құны таяуда тағы көтеріліп, бір унциясы 3 мың долларға дейін жетеді деп болжам отыр. Жалпы алтын бағасы жыл басынан бері 23 пайызға өсті.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу