Израиль Ливанға ақыры жаяу әскер кіргізді. Бұл шектеулі операцияның мақсаты - шекаралас аудандардағы «Хезболла» қарулы тобының нысандарын жою. Айта кетсек, кейінгі екі аптада Израиль Ливанның оңтүстігіне әуеден соққы беріп, мыңнан астам адамды мерт қылды. Бір миллиондай тұрғын үйлерін тастап кеткен.
Былтыр Газа секторында соғыс басталғалы, «Хезболла» еврей мемлекетінің солтүстігіне мыңдаған ракета жіберді. Израиль сол шабуылдар толастамайынша, «Хезболламен» шайқасты тоқтатпайтынын ескертіп отыр.
Арыстан Рысбек