Басшылық қызметтегі әйелдер саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Басшылық қызметтегі әйелдер саны артып келеді

01.10.2024

Елімізде басшылық қызметтегі әйелдер саны артып келеді. Нақты айтқанда, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар саласында жұмыс істейтін әйелдерді басшылық лауазымдарға көтеру мәселесі оң жолға қойылған. Бұл шешім Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қауіпсіздік кеңесінің гендерлік саясатқа қатысты қарарын жүзеге асыру аясында қабылданған. 2022-2025 жылдарға арналған құжатта әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ақпараттандыруды арттыруға, әйелдерді қорғау сынды бірнеше өзекті мәселе де қамтылған. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары 57 мемлекетте өзекті.

Олар Астанада бас қосты. «Әйел, бейбітшілік және қауіпсіздік» атты жиында гендерлік саясат төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу