Стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Азия Кубогы кезеңінде отандасымыз мерген Әсем Орынбай жеңімпаз атанды. Армия орталық спорт клубының спортшысы «скит» жаттығуында да, «скит-микс», сондай-ақ аралас командалық жарысында да үздік өнер көрсетті. Осылайша үш бірдей алтынға ие болды. Айта кетейік, додаға Үндістан, Катар, Қытай, Қырғызстан, Ливан, Жапония елдерінен 200-ден астам спортшы қатысты.
Аида Ахметбек