Референдумға 30 мемлекеттен байқаушы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдумға 30 мемлекеттен байқаушы келеді

01.10.2024

Референдумға 30 мемлекеттен байқаушы келеді. Оған қосымша 4 халықаралық ұйымның өкілдері тағы бар. Барлығы 177 байқаушы тіркеуден өтті. Одан бөлек Сыртқы істер министрлігі 5 халықаралық ұйымға шақыру жолдаған. Оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес те бар. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналистің хабар тарататынын мәлімдеді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу