АЭС салынса, жаңа техникалық мамандықтар пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС салынса, жаңа техникалық мамандықтар пайда болады

01.10.2024

Елде атом электр станциясы салынса, жаңа технологиялық мамандықтар пайда болады. Шығыс Қазақстан облысында жүрген халықтық штаб өкілдері осылай деді. Олар Өскемендегі еңбек ұжымдары және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Онда атом электр станциясының экологиялық қауіпсіздігі және атом өнеркәсібі үшін отандық мамандарды даярлау қажеттілгі туралы айтылды. Сондай-ақ штаб мүшелері ядролық генерацияның экономиканың жаңа салаларын дамытуға мүмкіндік беретініне кеңінен тоқталды.

Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:

Енді осы Шығыс Қазақстанда екі ірі жоғарғы оқу орны бар. Осы ЖОО-ы бүгіннің өзінде ядролық физика бойынша, сонымен атом энергетикасы бойынша қазірдің өзінде мамандыққа дайындауды бастады. Сондықтан Қазақстанның атом сферасының бір үлкен бір фундаменті осы Шығыс Қазақстан болады деуге барлық негіз бар.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу