Жетісу облысында 2 «Жайлы мектеп» салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 2 «Жайлы мектеп» салынып жатыр

01.10.2024

Жетісу облысында 2 жайлы мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бір білім шаңырағы Қазақстан-Қытай шекарасындағы Достық ауылында салынып жатса, тағы бірі Жаркент қаласында бой көтеруде. Аудан орталығындағы 1200 орындық нысан қараша айында тапсырылуы тиіс. Қазір мектеп құрылысына күндіз 200-ден астам, түнгі ауысымға 60 құрылысшы жұмылдырылған. Білім шаңырағында жоғары сынып пен бастауыш сынып есіктері бөлек. Екі спорт залы мен мәжіліс залы және асханасы қарастырылған. Құрылыстың негізгі бөлігі аяқталуға жақын. Қазір абаттандыру, жарық бағаналарын орнату және ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Амангелді Нұрманов, құрылыс учаскесінің басшысы:

Блок бөлінген. Әрбір блоктың ішінде бастауыш мектептің балалары бөлек блокта оқиды. Орта мектеп, бес пен сегіздің арасы бөлек блокта оқиды. Тоғыз бен он бірдің оқушылары олар басқа блокта оқиды. Және ішінде физика, химия, лабороторный, информатика, роботехника басқа да көптеген оқушылардың сапалы білім алуына көптеген кабинеттер қарастырылған.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу