Қызылордада 470 пәтерлі 10 тұрғын үй ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 470 пәтерлі 10 тұрғын үй ел игілігіне берілді

01.10.2024

Қызылордада 470 пәтерлі он тұрғын үй бүгін ел игілігіне берілді. Сондай-ақ Сырдарияның сол жағалауынан алғашқы заманауи үстел теннисі орталығы ашылды. Олимпиадалық спорт түрімен бүгінде аймақта 17 мыңға жуық адам айналысады.

Жоба құны 3,4 миллиард теңге. Спорт кешенінің ойын алаңында 16 теннис үстелі орнатылған. Сондай-ақ залда 350 көрерменге арналған трибуна қарастырылған. Халықаралық талаптарға сай салынған орталық түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізіп, жас теннисшілердің шеберлігін шыңдауға зор мүмкіндік береді.

Жәнібек Оңталап, «Нұр сәт» теннис орталығы директорының орынбасары:

Барлық замауни құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл спортшыларға жасөспірімдерге өте үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Алдағы уақытта республикалық, халықаралық дәрежедегі жарыстар өткіземіз.

Осы күні сол жағалауда жаңа шағын мөлтек аудан пайда болды. Көпқабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 470 отбасы тойын тойлады. Жыл басынан бері өңірде 900 жанұя баспаналы болды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу