Мәулен Әшімбаев: АЭС салу мәселесінде халық пікірі ескеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: АЭС салу мәселесінде халық пікірі ескеріледі

01.10.2024

Алдағы өтетін жалпыұлттық референдум еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл туралы Жетісу облысында жүрген АЭС салуды қолдау жөніндегі штаб мүшелері айтты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар мен сарапшылар өңір жұртшылығымен кездесіп, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Энергетика саласын дамыту келешегін талқылады. Сонымен бірге, штаб мүшелері мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтылған санаттағы азаматтар жұмыс істейтін тігін фабрикасының ұжымымен, құрылысшылармен және белсенді жастармен кездесті. Инновациялық технологияларды енгізудің игілігі туралы ой қозғады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Президентіміз Қ. Тоқаев елдің болашағына қатысты нәрселерге келген кезде жалпы бір ұлтқа бір әсерін тигізетін қадамдарға баратын кезде біз оны кабинетте отырып алып, өзіміз қабылдамай, халықтың ішіне барып, халықтың пікірін естіп, сөйтіп шешім қабылдауымыз керек деп айтқанын білесіздер. Сол себепті осыны ең алдымен халыққа айтуымыз керек. Халық қалай шешеді, солай болады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу