Қазақ радиосының бүгінгі келбеті қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының бүгінгі келбеті қандай?

01.10.2024

Бүгін – Радио күні. Елімізде алғашқы радио 1921 жылдың қазан айында хабар таратқан. Осы тарихи негізді алға тарта отыра Президент Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1-қазанды «Радио күні» деп жариялауды ұсынған болатын. Біздің радионың бастауында Ахмет Байтұрсынов және басқа да алаш қайраткерлері бар. Ал, сол радионың бүгінгі келбеті қандай, тілші баяндайды.

Қазақ радиосы еліміздегі ежелгі ақпарат құралдарының бірі ретінде өзіне жүктелген міндетті, оның ішінде қоғамды ақпараттандыру және ағартушылық қызметін толықтай орындап келеді. 1921 жылдан бері хабар таратқан Қазақ радиосы бүгінде толыққанды жетілген, уақыт талабына сай.

Алмас Байдрахман, Қазақ радиосының бас редакторы:
Бүгінде радио ел аумағының 91 пайызын қамтып отыр. Ол деген сөз 4 мыңға жуық елдімекенге 24 сағат бойы хабар таратады деген сөз. Қазір уақыттың талабына сай радио да жасарды. Қазір радионың орташа жасы - 35. Көбіне бізді 77 пайыз авто жүргізушілер тыңдайды.

Қазіргі уақытта «Қазақ радиосының» қатары «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиосымен толыққан. Осы төрт радио әр қайсысы өзіне жүктелген бағыт бойынша күнделікті тыңдармандарына қалтқысыз қызмет етуде.

Мұхамеди Болатұлы, Қазақ радиосының дикторы:

Радио алда, өнерде, мәдениетте және ақпарат саласында өзінің өектілігін жоймайды. Себебі ақпарат саласы дегеніміз радиодағы, тездік, жылдамдықжәне оқиға орнынан лезде қосыла кету бұл ешқандай құралды қажет етпейді.

Айнұр Абайқызы, «Қазақ радиолары» ЖШС жетекшісі:

Музыкаға келетін болсақ, музыкада ең көп ағымға ілесу, яғни, сол қазіргі әуен, қазіргі айтылып жатқан ән дер кезінде эфирге шықса, оыс әдіс көп қолданылады.

Ғасыр бойы жинақталған радионың «Алтын қорында» еліміздің танымал таланттарының дауыстары мұқият сақталған. Қазақ жастарын елдікке, ерлікке және Отанды сүюге үндейтін алтын дауыстар өскелең ұрпаққа өнеге ретінде радио эфирінен үнемі ұсынылып тұрады.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу