Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Еревандағы басқосуда шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды. Сондай-ақ Премьер-Министр Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшыларымен заманауи цифрландыруға бағытталған форумға қатысты. Экономикалық үдерістерді цифрландыру мүмкіндігі талқыланған форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты. Премьер-Министр Мемлекет басшысының Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда қазақстандық тарап қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.
Самал Қабышева